Басты бетЖаңалықтарДепутат: Бизнеске...

Депутат: Бизнеске елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру маңызды

Шара барысында осы тұрақты даму мақсаттарының елдік көрсеткіштеріне сәтті қол жеткізу үшін белсенді жастар, мемлекет, бизнес және түрлі қауымдастық әріптестігінің маңыздылығы талқыланды.

Ірі халықаралық компаниялардың еліміздің әлеуметтік дамуына үлес қосуға дайын екені — мен үшін өте қуанышты жағдай. Кока-Кола компаниясы Қазақстандағы ең ірі және алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған түрлі жобаларды сәтті орындап келеді. Ең бастысы, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге белсенді түрде үлес қосып отыр. Мемлекет, қауымдастық және бизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бірлескен кезде тепе-теңдік сақтау және дәл осындай әріптестік орнату мемлекет үшін маңызды. Сондықтан бизнеске мұндай мүмкіндік беру қажет деп санаймын, — дейді дөңгелек үстелге қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов.

Дөңгелек үстел спикерлерінің пікірінше, жастар кәсіпкерлігі — Қазақстанның тұрақты болашағының негізі. Сондықтан жастардың аяққа тұруы, әлеуметтік-экономикалық даму табысты жүруі үшін мемлекет, бизнес және қауымдастық әріптестігін жолға қоюдың маңызы зор.

Шарадан көрініс. Дереккөз: ұйымдастырушылар

CCI Қазақстан компаниясының бастамасы саналатын «3.2.1.Старт!» жобасы аясында елдегі проблемаларға бей-жай қарамайтын жастар осы проблемаларды шешуге қатысты өз ұстанымы мен жаңа тәсілдері туралы мәлімдей алады, сондай-ақ ұлттық мақсаттарды іске асырудың бірегей мүмкіндігіне ие болады деп санайды CCI Қазақстан Корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Алима Исембаева.

«Ел болашағы ретінде жастардың шетте қалмайтыны, креатив идеяларын ұсына отырып, әлеуметтік жобаларға белсенді қатысатыны қуантады. Біздің міндетіміз — серіктестерімізбен бірлесе отырып, ең белсенді жас бастамашыларды табу және қолдау. Олар елге оң өзгерістер алып келе алады. «G-Global» жасыл экономика үшін коалиция», сондай-ақ биыл қосылған «Атамекен» ҰКП сияқты серіктестеріміздің арқасында жыл сайын бағдарлама ауқымын ұлғайтып, қатысушылар санын арттырып, түскен сапасын жақсарта аламыз», — дейді компания өкілі.

Алима Исембаеваның айтуынша, жобаның «Өз үлесіңді қос!» ұраны Coca-Cola İçecek Қазақстан компаниясының бизнес жүргізудегі философиясына толық сәйкес келеді. Себебі CCI — тәуелсіз Қазақстанның алғашқы шетелдік инвесторларының бірі және 30 жылға жуық уақыт бойы белсенді түрде ел дамуына әлеуметтік-экономикалық үлес қосып келе жатқан ұйым.

«Әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания ретінде біз тұрақты даму қағидаттарын атқаратын жұмысымыздың барлық бағытына енгіземіз: атап айтқанда, қоршаған ортаға тигізер әсерімізді барынша азайтамыз, табиғи ресурстарды азырақ пайдаланамыз, энергия мен суды, электр қуатын және басқа ресурстарды ұтымды пайдалану практикасына ерекше назар аудара отырып, қалдық көлемін азайтамыз. Соңғы бірнеше жылда қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларға 1 миллионнан астам АҚШ долларын инвестицияладық, ал 7 жылда әлеуметтік бастамаларға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 7 млн АҚШ долларынан асты», — дейді CCI өкілі.

Coca-Cola İçecek Қазақстан компаниясының жоспарында елдің белсенді жастарына арнап «3.2.1.Старт!» жобасын одан әрі дамыту және кеңейту бар.

Қосымша ақпарат

«3.2.1.Старт!» жобасы туралы

Жастар жобаларын қолдауға арналған компания бастамасы 2016 жылдан бері сәтті іске асырылып келеді. «3.2.1.Старт!» БҰҰ-ның он жеті жаһандық тұрақты даму мақсатының бесеуі, атап айтқанда «Сапалы білім беру», «Таза су және санитария», «Арзан және таза энергия», «Жауаты тұтыну және өндіріс», «Климатты өзгеруіне қарсы күрес» бойынша елдік көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосуға дайын белсенді жастар қауымдастығын құруға бағытталған. 

«3.2.1. Старт!» — CCI үшін тұрақты даму басымдықтарының бірі саналатын әлеуетті дамытуға және қазақстандық жастарды қолдауға, оның ішінде қаржылай көмек көрсетуге арналған жоба. Жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрап отыр. Сондай-ақ қатысушылар идеясын іске асыруға және жеке тұлға ретінде дамуға қажет болуы мүмкін қосымша пайдалы дағдыларды игеру мүмкіндігі қарастырылған. Жобаның жартылай финалистері мазмұнды инкубациялық оқыту бағдарламасынан өтеді, ал үздік идеялар авторлары грант үшін күресуге мүмкіндік алады.

Жобаның 7-маусымына қатысуға ниет білдірушілер арнайы сайтта немесе Instagram-парақшада өтінім бере алады. 

Өтінімдер 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қабылданады.

CCI Қазақстан компаниясы туралы

CCI Kazakhstan Қазақстандағы Кока-Кола компаниясының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіреді және сатады. 1994 жылы Coca-Cola құю қызметін бастаған компания 2008 жылы Coca-Cola Içecek-тің басшылығына өтті.

Штаты 700-ден астам қызметкері бар 2 зауытқа ие бола отырып, CCI Kazakhstan 17 млн тұтынушыға қызмет көрсетеді. Оның портфеліне Coca-Cola, Coca-Cola Zero, Fanta, Sprite, Piko, BonAqua, FuseTea, Schweppes, Burn және Monster сияқты өнімдер кіреді.