Алматы әкімдігі ауа райына байланысты көлік жүргізушілерне үндеу жасады

“Қазгидромет” РМҚ мамандарының болжамы бойынша, қазан айының 5, 6, 7 күндері Алматыда қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, аздап көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы әкімдігі автокөлік иелеріне үндеу жасады.

Көлік иелері жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғандары жөн. Жұмысқа кешікпеу үшін автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді таңертең үйден ертерек шығуға қамдануын сұраймыз. Жолдың жүру бөлігінде қатқан мұздың пайда болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашық аралығын сақтап, маневрлер мен тежелулерден аулақ болуға, жаяу жүргіншілер жолында сырғақтың пайда болу мүмкіндігіне байланысты тротуарда жүргенде сақ болуға кеңес береміз,- делінген хабарламада.