Астанада автобустар қозғалыс кестесінен кешігіп жатыр

Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар жауу, көктайғақ) көлік ағыны мен қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы төмендеп, автобустар кешігіп жатыр. Қоғамдық көлік жолағы жоқ учаскелерде автобус жүретін  белгіленген уақытқа сай болмай жатыр, — делінген хабарламада.

Жолдарда қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Сол себепті, CTS компаниясы жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты сақтау қажет екенін ескерткен.