Нұр-Сұлтанда қар жауды: полиция көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Сонымен бірге жолда өте мұқият және абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кілт тежеуден аулақ болуды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеміз, — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз, — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.