Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев президентке есеп берді

Фото: Akorda.kz

Бердібек Сапарбаев президентке «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев президентке есеп берді

Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша экономиканың негізгі бағыттарында дамудың оң қарқыны сақталған, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, байланыс салаларында өсім байқалады. Салық түсімдері мен еңбекақы артқан.

Осы мерзім ішінде 372,9 мың шарты метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 232,6 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев президентке есеп берді

Кәсіпкерлікті қолдаудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Жамбыл облысында құны 2,5 триллион теңге болатын 107 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Облыс әкімі мемлекет басшысына биыл құны 171 миллиард теңге болатын 31 жобаның жүзеге асырылатыны, сондай-ақ 8 айдың ішінде 78,2 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға 13 жобаның іске қосылғаны жөнінде баяндады.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, «Алқаптан сөреге дейін» жобасын жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінген. Өңірде 31 әлеуметтік павильон ашылған. Тағы 12 нысан ашу жоспарланып отыр.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев президентке есеп берді

Облыс әкімінің есебін тыңдаған президент өңірді дамытудың басым бағыттарын белгілеп берді.

Баяндамаңыз қабылданды. Жалпы бұл облыс қарқынды дамып келе жатыр. Өсім бар. Шешілмеген мәселелер де бар. Онсыз болмайды. Ұсыныстарыңызды қарастырып, мәселелердің оң шешілуін өзім бақылауға аламын. Келесі жылдың басында облысқа келу жоспарымда бар. Сол кезде нақты мәселелерді пысықтаймыз. Ал вакцина жөнінде айтатын болсақ, Қазақстан дүниежүзіндегі өз вакцинасын ойлап тапқан ең озық мемлекеттердің қатарына қосылды. Бұл Жамбыл облысымен тікелей байланысты. Сондықтан құтты болсын. Атқарып жатқан еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев президентке есеп берді

Мақалаға реакция