Сәбина Алтынбекова Вьетнамда ең сұлу спортшы атанды

2014 жылы Қытайдағы халықаралық ойындардан кейін танымал болған Сәбина Алтынбекова вьетнамдық ТОП-9 тізімде 4-орында тұр. Қазақ қызының жанкүйерлері оны «жапондық аниме кейіпкері» деп атап, оның сұлулығын «Шығыс пен Шығыс Еуропаның тамаша үйлесімі» деп бағалады.

Әлеуметтік желі қолданушылары Сәбинаны «Әлемнің №1 супермоделі» атануға лайық екенін жазуда. Ал YouTube желісіндегі влейболшының фотосуреттерінен құралған видеоколлаж 1 миллионнан астам көрілім жинады.

ТОП-9 сұлу волейболшы қыздар:

1. 31 жастағы жапондық Саори Кимура

2. 25 жастағы қытайлық Хуи Рочи

3. 21 жастағы ресейлік Алиса Маненок

4. 20 жастағы қазақстандық Сәбина Алтынбекова

5. 26 жастағы сербиялық Саня Малагурски

6. 27 жастағы америкалық Кимбирли Хилл

7. 32 жастағы түрік Неслихан Демир

8. 26 жастағы голландиялық Лоннеке Слютьес

9. 33 жастағы бразилиялық Шейла Кастро

ДереккөзInform.kz