Мемлекет басшысы Қазақ радиосының мерейтойымен құттықтады

Ақпарат кеңістігінде аса маңызды орын алатын Қазақ радиосының ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ұзақ жылғы жемісті еңбектеріңіз мемлекеттік наградаларға лайықты және сіздерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақ радиосы 1921 жылы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Орынбордан хабар таратуды бастаған. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді. Қазір құрамына 4 бірдей (Qazaq radiosy, Shalqar, Astana, Classic) радионы біріктірген QAZAQ RADIOLARY серіктестігі бүкіл қазақ даласына ақпарат таратады. Радионың «Алтын қорында» 1948 жылдан бері жинақталған 100 мыңнан астам аудиожазба бар.