Ел аумағын тұман басып, көктайғақ болады

Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталығында сақталады. Қазақстанда тұрақсыз ауа райы болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Сонымен қатар елдің солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман болып, Қарағанды облысының шығысында жел қатты күшейеді.