Нұр-Сұлтанда жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режімін сақтамаған. Соның салдарынан ол рульді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысты. Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті. Оқиға орнында 2 жүргізуші және тағы 3 жолаушы мерт болды, − делінген хабарламада.

Toyota Camry автокөлігіндегі жолаушы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.