Астанада ботаникалық бақ ашылады

Ботаникалық бақта ғылыми әзірлемелер жүргізіліп, танымдық, оқу-ағартушылық, көңіл көтеру, экологиялық және табиғат қорғау шаралары өткізіледі.

Бұл жерде тағамдық, техникалық, дәрілік, декоративтік өсімдіктердің экспозициялары құрылатын болады, бұлар — ағаштар, бұталар, лианалар, шөпті өсімдіктер, мүк, қына.

Елорда тұрғындары мен қонақтары ботаникалық баққа жыл бойы келе алады. Нысан 100 га ауданда Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан көшесі, № 24 және № 26 көшелердің шекараларында орналасатын болады.

Дереккөзinform.kz