Руслан Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары болды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды, – делінген құжатта.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелеңде дүниеге келген. Иван Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, Михаил Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабындағы Әскери академиясының жоғары академиялық курстарын бітірген.

1987-2006 жылдары – ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті.

2006-2007 жылдары –  ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары –  ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы қызметтерін атқарған.

2008 жылдың қыркүйегінен 2013 жылғы қаңтарға дейін ҚР ішкі істер министрлігінің қолбасшысы.

2013 жылғы қаңтардан ішкі әскерлер бас қолбасшысы.

2014 жылдың сәуір айынан ҚР Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болып тағайындалды.