Ішкі істер министрлігі: Ақмола облысында 3 адам құлдықта болған

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов Ақмола облысында үш ер адамды заңсыз бас бостандығынан айыру әрекеті анықталғанын мәлімдеді.

Оларды Нұр-Сұлтаннан алдап шығарып, қыркүйектің басынан бері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде күштеп жұмысқа салған. Ер адамдар бақшадан қазылған картопты іріктеуге тартылғаны белігі болды. Оларға күн сайынғы жұмыстары үшін 8-10 мың теңге қолма-қол ақша төлеуге уәде берілген, − деді ІІМ өкілі ведомствоның ақпарат алаңында.

Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, уәде етілген ақша төленбеген. Зардап шегушілер контейнерде түнеп, тәулігіне 12-13 сағат жұмыс істеп келген.

Үйге қайтуға әрекеттенгенімен, күш қолданып, қорқыту арқылы заңсыз ұсталған. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес (адам сату) іс қозғалды, − деді криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары.