Елімізде «Орда» ипотекалық бағдарламасы өтінім қабылдауды тоқтатты

2021 жылдың 1 қазанына дейін қарауға келіп түскен өтінімдер Компанияның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаралады, − деп жазады компанияның баспасөз қызметі.

«Орда» бағдарламасы жыл сайын жоспарлы қаржыландыру үшін өз  есебінен 13,8 миллиард теңге аударады. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жоспарлы көрсеткіштер 4,1 миллиард теңгеге асты. Осыған байланысты компания жеке тұлғалардан өтінім қабылдауды тоқтатады.

«Орда» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы 2018 жылдың қазан айында іске қосылды. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 70 млрд теңгеден астам сомаға 5 271 өтінім алынған. Оның ішінде 49,4 миллиард теңге сомасына 3 838 өтінім мақұлданған.