Шетелде білім алған 11 мыңнан астам студент қазақстандық ЖОО-ға ауыcты

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Студенттердің көпшілігі Ресей университеттерінен ауысты. Сондай-ақ бұрын АҚШ, Қытай, Франция, Мажарстан, Чехия, Польша, Түркия университеттерінде оқыған, бірақ Қазақстанда оқуын жалғастыруға шешім қабылдаған студенттер де бар.

Қысқы және жазғы сессияның қорытындысы бойынша бұрын ниет білдірді. Олар жеңілдетілген ауысу тәртібі бойынша қабылданып, қазір отандық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Мәселен, олар әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Нархоз университеті, Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ және басқа да жоғары оқу орындарына қабылданды. Өткен жылы шетелдік жоғары оқу орындарынан 15 мыңға жуық студент біздің университетімізге ауысты, – делінген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Айта кетейік, студенттер санының артуына байланысты жаңа жатақханаларды салу және бар жатақханаларды реконструкциялау қарқынын жеделдету үшін тетіктер әзірленді. Осы жылдың соңына дейін елімізде 37 жаңа студенттік жатақхана пайдалануға беріледі.