Оралда жол апаты болып, 3 адам аурухана жеткізілді

Полиция департаменті жол-көлік апаты Зачаган кентіндегі Жәңгір хан мен С.Айтқұлов көшелерінің қиылысында болғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, «Лада Грантаның» 43 жастағы жүргізушісі автокөлік руліне ие бола алмай, бағдаршамда тоқтап тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігін (жүргізушісі 34 жаста) соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен «ВАЗ-2115» автокөлігінде отырған жолаушы түрлі жарақат алды.