Атырауда командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты — бірінші кезекте азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Алматы облысындағы ықтимал қиратушы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру болып табылады. Сондай-ақ ТМД елдерінің аумақтарында ауқымды төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекетаралық өзара іс-қимылды жетілдіру.

Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволары, облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ авариялық-құтқару қызметтері қатысты.

Әскери оқу-жаттығуы
Фото: atr.kz

Аталған халықаралық оқу-жаттығу аясында Атырау қаласының аумағында қыркүйек айының 21-22 аралығында командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Қыркүйектің 21 күні таңғы сағат 07-00-де «АПАТ-999» дабылы түскеннен бастап басқару органдары мен азаматтық қорғау қызметтері әзірлікке келтірілді. Атырау қаласы аумағынан жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Республикалық штабтан (Алматы облысында орналасқан) түскен кіріспе бойынша Атырау қаласы, Водников ауылы, ҚР ҰҰ №5546 әскери бөлімі маңында жойқын жер сілкінісі салдарынан Төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл оқу-жаттығу жоспарына сай практикалық іс-шаралар өткізілді.

Әскери оқу-жаттығуы
Фото: atr.kz

Іс-қимылдарды үйлестіру және практикалық іс-шараларды өткізу мақсатында белгіленген аумаққа Департамент бастығының орынбасары, полковник А.А.Ержанов бастаған ТЖД жедел топ қызметкерлері мен құтқарушылары жіберілді.

22 қыркүйек күн өткізілген Практикалық оқу-жаттығу барысында жұмылдырылған күштер мен құралдар Атырау қаласы, Водников ауылы аумағында тіркелген магнитудасы М=7,5 және қарқындылығы – 6 балдық жер сілкінісі салдарынан орын алған төтенше жағдайларды жою бойынша жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары жағдайды барлау және бағалау жүргіздіп, жер сілкінісінің зардаптарын жою жөніндегі жұмыстың тәртібі мен көлемі анықтап, төтенше жағдайды енгізу туралы құжаттар және қоғамдық ұйымдарға көмек көрсету туралы өтініштер дайындалды. Ден қою жоспары бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілді. Баспанасыз қалған тұрғындар шатырлы лагерьге орналастырылды, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушылар өрт ошақтарын жойып, үйінділерді бөлшектеді. Кинологиялық есептеулер зардап шеккендерді қоқыс астынан шығарды. Сондай-ақ, газбен жабдықтауды, электр беру және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстары пысықталды.

«ЖЕР-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Атырау қаласының аумағында қыркүйек айының 21-22 аралығында өткізілген командалық-штабтық оқу-жаттығуға «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК, «КазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ, «Атырау-Жарық» АҚ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ, Полиция департаменті және Жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері қатыстырылып, барлығы 200 адам мен 42 бірлік техника жұмылдырылды.

Әскери оқу-жаттығуы
Фото: atr.kz

Практикалық оқу-жаттығу барысында командалық-штабтық автокөлік арқылы жедел штабпен тұрақты байланыс және ақпарат алмасу ұйымдастырылды.

ҚР ТЖМ министрі генерал-майор Ю.В.Ильинмен өткізілген оқу-жаттығудың қорытындысын шығарылды, оған ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері мен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары қатысты. Министр «ЖЕР-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының барлық қатысушыларына жоғары баға берді. Сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстан республикасынан қатысқан әріптестерге үш елдің азаматтық қорғау органдары арасындағы оқу-жаттығуларға белсенді қатысқаны және өзара қарым-қатынастарды нығайтқаны үшін алғысын білдірді.