Басты бетҚоғам2022 жылға...

2022 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері анықталды

Ашық НҚА порталында жарияланған «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында АЕК осындай көлемде қарастырылған.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болып белгіленсін, — делінген жоба мәтінінде.

2021 жылы АЕК 2 917 теңгеге тең болды. Егер заң жобасы қабылданса, оның көлемі 2022 жылы 146 теңгеге артады.

Қазақстанда АЕК жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай -ақ республика заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

Еңбек министрлігі президенттің 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауына сәйкес үкіметке 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден (100 доллар) 60 000 теңгеге (141 доллар) дейін көтеру тапсырылғанын хабарлады.