Басты бет / Жаңалықтар /
2768850b38ffb0f908f8be8177916938 Алматыдағы атыс: күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады
Атыс болған аумақты полиция қоршап тұр. 2021 жылғы 20 қыркүйектегі фото. Фото: Мейірман Лес

Алматыдағы атыс: күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — деді Рустам Әбдірахманов.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды.

Еске салайық, бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында ер адам 5 азаматты, оның ішінде 2 полиция қызметкері мен сот орындаушысын атып өлтірген.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram