Өңір басшысы тұқымдар өсімдік шаруашылығында нәтиже алуға негіз болатынын атап өтті.
Тұқым неғұрлым сапалы болса, нәтиже соғұрлым жақсы болады. Жоғары сапалы тұқым алу көп еңбекті қажет етеді. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Корнеевкада ауыл шаруашылығы тұқымдарын шығаратын жаңа зауыт салынып жатыр. «Атамекен Агро» серіктестігі маңызды жобаға 750 миллион теңге инвестиция құйып отыр, − деп жазды Құмар Ақсақалов Facebook-тегі парақшасында.
Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жаңа кәсіпорын озық технологиялардың арқасында тұқымдық қорды едәуір жақсартып, фермерлерді сапалы тұқыммен қамтамасыз етеді.