17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалған. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеген.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мәліметінше, 17 қыркүйекте сағат 15.09-да Медеу ауданына шұғыл шақырту түскен.
Сағат 15.12-де Назарбаев 124 мекенжайына жеткен өрт сөндірушілер төрт қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын анықтады, — деді департамент баспасөз қызметіндегілер.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт сағат 15.00 шамасында басталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
