Ол «САМҒАУ» мектеп оқушылары мен студенттерге іскерлік дағдыларды үйрету және әлеуметтік салада бизнесті бастау үшін пайдалы болатын көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында құрылған.
Табысты кәсіпкерлер мен үздік бизнес-тренерлер онлайн фестиваль қатысушыларына минимал бюджетпен стартапты дамыту туралы және кәсіпкерліктің басқа аспектілері туралы айтып береді.
Шағын инвестициямен бизнес бастауға болады, бірақ қаржы мен маркетингке назар аудару керек болады, активтерді сатып алу тұрғысынан әр шешімді таразылау керек, бұл компанияның капиталын арттырады. Алғашқы жылы жалақым 40 000 болды, біз іс жүзінде бәрінен бас тарттық және тапқан ақшамызды бизнеске салдық, — дейді BRO Glasses негізін қалаушы Данияр Шайкемелов.
Сонымен қатар фестивальде қазіргі жастардың құндылықтары, мақсаттары мен болашаққа көзқарасы туралы Қанат Бейсекеевтің Dauys атты деректі фильмі көрсетіледі.
Фестиваль қатысушылары BRO Glasses негізін қалаушы Данияр Шайкемелов, кәсіпкер және нетворкинг-маманы Мерей Мұстафина, «Asar-ume» қайырымдылық жобасының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, JKS Entertainment жетекшісі Бексұлтан Қазыбек пен The YOLO House продюсері Азат Халимов сияқты спикерлердің семинарларына қатыса алады.
Сонымен бірге іс-шара кезінде түрлі сыйлық ойнатылады. Фестиваль Karina Ivanova, Aidhn, Yenlik және Jeltoksan сияқы Қазақстанның жас орындаушыларының онлайн концертімен аяқталады.
Фестивальдің бұрынғылардан артықшылығы биыл шара 2 күн өтеді, бұл — танымдық контент екі есе көп болады және көңілді өтеді деген сөз. Қатысушыларға фестиваль SEED жобасы аясында соңғы рет өтетінін айтқымыз келеді және мұндай мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды, — дейді ұйымдастырушылар.
Фестивальдің ұйымдастырушылары — British Council мен «Шеврон» компаниясы.
«Самғау» туралы оның Instagram-дағы парақшасынан және сайтынан білуге болады.