Ақмола облысында бірнеше саяжай өртенді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі, өрт қаланың шетіндегі телемұнара тұсынан басталып, «Вавилов» саяжай алабына тарағанын мәлімдеді. Тілсіз жау 20 гектар аумақтағы құрғақ шөпті шарпыды. Одан 3,5 гектар аумақтағы 58 саяжай учаскесіне таралып, саяжай үйлері зардап шеккен.

Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 34 адам мен төрт арнайы өрт сөндіру техникасы, «ОПАЗ» мемлекеттік емес өрт қауіпсіздігі қызметінің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы, «ЕПК» АҚ өрт қауіпісіздігі бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазақалтын» кәсіпорнының 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Мани» ЖШС-ның 2 қызметкері мен 2 техникасы, Степногор қалалық су каналының 2 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», − деді ведомстводан.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:45-те ауыздықталып, 22:00-де толық сөндірілді.