Куәгерлердің айтуынша, үш ер адам монтажға арналған көбікті қабырғаларға пышылдатып бүріккенде, бөлмеге газ жиналған. Осы уақытта ер адамның бірі аузындағы тұтатулы темекісімен жертөлеге түседі. Көп ұзамай, қатты дауыс шығып, жарылыс болған.
1995 жылғы азамат басынан, денесінен, аяқ-қолынан ІІІ дәрежелі күйік алды, терісінің 80% күйіп қалды. 1984 жылғы екінші азаматтың терісінің, басының, кеудесінің және тыныс жолдарының 35% күйіп, ІІІ дәрежелі күйікке шалдыққан. Екеуі де жан сақтау бөлімінде жатыр, − деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Ал 1983 жылғы ер адамның беті мен бас бөлігі терісінің тек 12 процентін жалын шарпып, ІІ дәрежелі күйік шалған. Оған да оқиға орнында жедел жәрдем көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.