Мемлекеттік қызметші енді бір жыл өткеннен кейін ғана ротацияланады

Егер президент өзгеше шешім қабылдамаса, лауазымына енді тағайындалған мемлекеттік қызметші кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана ротацияланады.

Бұл ретте мемлекет басшысының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімі мемлекеттік саяси қызметшіге және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қатысты тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынысы бойынша қабылдануы мүмкін.

Жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылған.

Мемлекеттік қызметшіні ротациялау жүзеге асырылған оның бұрынғы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап бір жыл ішінде жол берілмейді,− деп жазылған жарлықта.