Өндіріс орнында екпенің 1 миллион дозасы құтыларға құйылады. Құтыларды толтыру желісі асептикалық өндірістің барлық талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес келеді.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, барлық жабдық Еуропадан, Америкадан және Қытайдан әкелінді. Осылайша, халықаралық сапа стандарттары компанияға жоғары техникалық деңгейде, өндірістің барлық кезеңінде сапалы өнім дайындауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда италиялық аппараттың көмегімен вакцина бір минутта 60 құтыға құйылады екен. Әр құтыға 3 доза сияды. Демек, айына 1 миллион дозаға дейін вакцина дайындауға болады. Құюға дайындық осы жылдың сәуір айында басталды. Ал шілдеден бастап жабдықтар мен бүкіл процесті тексеру үшін 300 мың доза құйылып әзірленді. Осыған байланысты «Антиген» ҒӨК ЖШС директоры Нұрлан Ахметсадықов құйылған екпенің дозалары биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында екенін атап өтті.
«Антиген» ЖШС-да Алматы облысы әкімдігінің «Жетісу» ӘКК арқылы жалпы сомасы 420 миллион теңге соммасында лизингке 13 заманауи технологиялық жабдық сатып алынды. Қазақстан Республикасы үкіметі аталған жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы жерге бірнеше рет келіп, дайындық барысымен танысты, − деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
Оған қоса, Батыржан Байжұманов зерттеулер аяқталуға жақын екенін және «Антиген» өндіріс орнында құйылған вакциналар толық тексеруден өткеннен кейін ғана қолданысқа енгізілетінін жеткізді.
