Биыл елімізде өрттен қайтыс болғандар саны 250-ден асты

Өрт кезінде 1 018 адам құтқарылған. Алайда, өкінішке қарай, тілсіз жаудың салдарынан 251 адам қайтыс болды, 217 адам түрлі дәрежедегі күйік алды және уланды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы өрт саны 7% төмендеген кезде қаза тапқандар саны 20%, жарақат алғандар саны 18% өсті, — деді Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы.

Айта кетейік, тұрғын үй секторында 4 300-ден астам өрт болған. Бұл олардың жалпы санының 58%-і.

Өткен жылыту кезеңінде өрт санының 9% өскені байқалады. Өрттен адамдардың қаза болуы 24%-ті құрады, улы газбен уланудан қаза болғандар (табиғи газбен пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан) 36%-ға тең, — деді Ерлан Төрегелдиев.

Сонымен бірге кейінгі 2 жылда атқарылған жұмыстар халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде болған өрт санының айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, 18 есе азайған.