Елімізде енді мүгедектігі бар баланың кәмелетке толғаннан кейін де үй алу кезегі сақталады

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй алу үшін кезекте тұру құқығын сақтау көзделген. Тәжірибеде мұндай отбасылар үй алу үшін 10 жылға дейін кезекте тұрады. Егер олар 18 жасқа дейін үй алмаса, онда олар мүгедектігі бар адам ретінде қайтадан кезекке тұруы керек. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасының кезектілігін сақтауға мүмкіндік береді, — деді министр.

Серік Шәпкенов сонымен бірге заң жобасында мүгедектегі бар баланы күту кезеңін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Ол зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.

Қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған негізгі тұжырымдамалық жаңашылдықтар осындай. Заң жобасын қабылдау 400 мыңдай отандасымыздың құқықтарын жақсартуға ықпал етеді, — деді ведомство басшысы.

Заң жобасы қажетті 55 миллиард теңгемен қамтамасыз етілген. Бұл ретте шығын нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде іске асырылады.