Бүгін «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей АSTANA телеарнасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Әзизхан Әбілдинов бұған дейін «NUR Media» холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған.
Жиын барысында Әлібек Әлденей телеарнаның бұрынғы басшысы Құрманбек Жұмағалидың атқарған жұмысын еске алды.
Телеарна Қ.Жұмағалидің басшылығымен 2020-2021 жылдары еліміздің жетекші телеарналарының ТОП-4-іне енді. Биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша телеарнаның орташа үлесі жалпы телебағдарламаның 10%-ін құрайды, − дейді Әлібек Әлденей.
Баспасөз хатшысы Астана телеарнасының жаңа басшысы Әзизхан Әбілдиновті таныстыра отырып, оның 2017 жылдан бастап «Nur Media» холдингінде БАҚ мәселелерімен айналысқанын айтты.
Сонымен қатар Әзизхан Әбілдинов Президент әкімшілігінде, Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. Nur Media холдингінде жүріп, оның тікелей қолдауымен бірқатар интернет жоба жүзеге асырылды.