Басты бетҚоғамПрезидент Жамбыл...

Президент Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан жеті адамды марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
  • Заикин Сергей Владимирович (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
  • Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.

 ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
  • Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
  • Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері;
  • Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы» — делінген жарлықта.

  Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.