Ол «31-арнаның» мүшесі болу — үлкен мәртебе екенін айтты.
Телеарнаға еліміздегі алғашқы отбасылық-ойын-сауық телеарнасы мәртебесін қайтару бағытында еңбек етемін, – деді Құрманбек Жұмағали.
Құрманбек Жұмағали мұның алдында «Астана» телеарнасының бас директоры қызметін атқарды.
Ол 1985 жылы 27 тамызда туған. 2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын «Қазақстан РТРК» АҚ телеарнасында редактор ретінде бастап, «Хабар агенттігі» АҚ-да редактор-жүргізуші, корреспондент болды.
2013-2018 жылдары мемлекеттік қызметте жұмыс істеді – Қарағанды облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің басшысы және Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.