Қазақстандық ғалым Дана Ақылбекова қатерлі ісікке қарсы жаңалық ашты

«Біз түрлі қоспалардың құрамына байланысты аталған жасушыларға қандай да бір ықпал етуге болатындығын дәлелдей алдық. Бұл болашақта қатерлі ісікке қарсы ем-домды қалай бір арнаға тоғыстыруға болатындығын білуге мүмкіндік беретін фундаменталды білім»,-деді Дана Ақылбекова.

Ғалым физиктердің отбасында туған және жастайынан ғылымға құмар болған. Докторантура студенті бола отырып ол тірі клеткалардың инсулин шығаруын қамтамасыз ететін полимерлі бөлшектерді дайындау тәжірибесіне қатысты. Дәрі-дәрмектердің жеткізудің мұндай тәсілі инсулин екпесінсіз жарты жыл жүруге мүмкіндік береді. Жас ғалым өзінің физика мен инженерия саласындағы саласындағы жетістіктері Қазақстанның биомедицина саласында пайдалы болады деген сенімде. Ал, Дананың өзі Қазақстанның жас ғалымдарын ынталандыруға ықпал етеді.

ДереккөзInform.kz