Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ — еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе береді, — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, 2013 жылы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін «Отбасы күні» деп белгіледі.
2021 жылы бұл күн 12 қыркүйекке түсіп отыр.
Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 12, 2021