Басты бетҚоғамАлматыда эпидемиялық...

Алматыда эпидемиялық жағдай тұрақталып келеді

Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы 9 қыркүйекке қарай қаладағы коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталғанын айтты. Алайда эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасында қала әлі де «қызыл» аймақта орналасқанын жеткізді.

Жыл басынан бері 137 мың жағдай тіркелген, тамызда – 47 мыңға жуық, ал қыркүйектің басынан бері тоғыз мыңға жуық жағдай тіркелген. 25 тамыздан бастап эпидемияның төртінші толқыны бәсеңдеп, эпидемияның тұрақтануы байқалады, бұл COVID-19-дың үнді нұсқасына байланысты. Егер 25 тамызда 1 605 жағдай тіркелген болса, 8 қыркүйекте – 976 жағдай. Қала тұрғындары арасында аурушаңдық төмендегені байқалады. Бұл бүгінде Алматы халқының 46 процентінде иммунитет қалыптасуына байланысты. Бірақ босаңсуға әлі ерте, – деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин «Ashyq» бағдарламасына нысандарды енгізіп, цифрландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып белгілі бір жеңілдіктер енгізілгенін атап өтті.

Алайда қарқынды эпиджағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасады. Тағы да халықты қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын нысандарға (түнгі клубтар, мейрамханалар, дәмханалар) бармауға, үй жағдайында бұқаралық іс-шараларды шектеуге, жедел вакцина алуға шақырамын, – деп толықтырды Алматы қаласының бас санитария дәрігері.