Құрылыс басқармасы: Жамбыл облысындағы жарылыстан жүзден астам үй қираған

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев.

Жамбылдағы жарылыстың салдарынан қираған ғимараттарды қалыпқа келтіру мен шығынды есептеу үшін әкімдік арнайы топ құрды. 5 жұмыс тобы осы жұмыстарымен айналысады. Оның құрамында «ҚазҚСҒЗИ», жобалық ұйым өкілдері мен ТЖМ өкілдері бар, — деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Басқарма басшысының айтуынша, 47 нысанға «ҚазҚСҒЗИ» техникалық шешім шығарды.

Алдын ала мәлімет бойынша жарылыстан 118 жеке жылжымайтын мүлікке зардап келген. Оның ішінде 106 тұрғын үй мен 12 коммерциялық ұйым. Оның ішінде 35 үйі мен 12 коммерциялық ұйымы айтарлықтай қираған. Бүгінде 12 мердігерлік ұйым қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. 23 техника мен 185 қызметкер жұмыс істеп жатыр. 71 тұрғын үй жеңіл қираған. Оның 43-інде жөндеу жұмыстары аяқталды, — деді Ерлан Орынбаев.

Ерлан Орынбаев сонымен бірге жөндеу жұмыстары 1-1,5 ай ішінде аяқтау жоспапрланғанын айтты.

4 әлеуметтік нысанға зиян келтірілген. Оның үшеуі мектеп болса, біреуі медпункт. Жібек жолы ауылындағы орта мектеп айтарлықтай қираған, — деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да