Басты бетЖаңалықтарСотталушылардың қай...

Сотталушылардың қай тобы жазадан босатылады?

Қарастырылып отырған құжатта алғаш рет әлеуметтік жағынан осал адамдар ұғымы енгізілді.

Заң жобасында қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған сотталғандарды жазадан босату ұсынылады. Сонымен бірге заң жобасында қарастырылған адамдар үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылады, − деп түсіндіреді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті.

Аталған топтағы адамдар тобын қарау кезінде қалған залалды толық өтеуі, сонымен бірге осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан аспайтын уақыт теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы ескеріледі.

Өз кезегінде, заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етуде, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуде шаралар қабылдауын көздейді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына рақымшылық жасау кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағандарға, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қатысты қолданылмайды.

ҚАЖ комитетінің өкілі 30 жыл ішінде Қазақстанда 8 рақымшылық жасалғанын, соңғы 4 рақымшылық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндеріне орайластырылғанын атап өтті.