Атырауда вакцина алғандар арасында 6 миллион теңге ойнатылады

Ұтыс ойынына 1-31 тамыз аралығында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның I немесе II компонентін алған адамдар қатысады. Бүгінде Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының деректер базасында қатысушылар саны 87 252 адамды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Айдың әр онкүндігінде 200 мың теңгелік 10 сертификат ойнатылады. Қазан айында 2021 жылдың 1 ақпаны мен 30 қыркүйегі аралығында вакцина алғандар арасында 10 миллион теңгенің  ұтыс ойыны өтеді.