Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қыркүйек айының ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары:
- Air Astana — 17 қыркүйектен;
- Turkish Airlines – 25 қыркүйектен бастап Алматы – Ыстанбұл бағытындағы рейстер санын 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Оған қоса, 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе – Ыстанбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды. Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиялық жағдайға және Ведомствоаралық комиссияның, сонымен бірге Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады, – делінген хабарламада.