Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы болды

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжит Шәріпов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. МИФИ ҰЯЗУ Обнинск атом энергетикасы институтын бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.

1992-1999 жылдары Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

2000-2008 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі атом энергетикасы комитетінің инспекциялау және талдау бөлімі басқармасының басшысы; бөлім басшысы болды.

2008-2010 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарды.

2010-2012 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры болды.

2012-2013 жылдары Атом энергиясы агенттігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2013-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атом энергиясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2015-2020 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамыныңда басшылық қызметтерді атқарды.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.