Бонустарды екі жолмен алуға болады

Тәуліктің кез келген уағында Halyk Bank-тің мобайл қосымшасы — Halyk Homebank арқылы жасаған кез келген төлем (ұялы байланыс бірлігін толтыру, коммунал қызметтерін, салық, айыппұл және тағы басқаны төлеу) үшін 5% бонус беріледі. Бұл — бонус алудың бірінші жолы.

Бонус алудың екінші жолы мынадай: кез келген затты Halyk Bank картасымен немесе картасыз, Apple Pay, Homebank Pay немесе Samsung Pay байланыссыз төлем қызметі арқылы және Halyk Bank-тің Pos-терминалы арқылы төлесеңіз, жұмсаған сомаңыздың 5%-і бонус ретінде қайтарылады. Оған қоса, банктің QR-кодымен жасалған төлемге де осындай бонус беріледі.

Иллюстрация: Halyk Bank баспасөз қызметі

Клиент бонустарды қалай жұмсай алады?

  • Halyk Bank-тің мобайл қосымшасы — Halyk Homebank арқылы кез келген төлем жасарда бонусты пайдалансаңыз болады.
  • Halyk Bank-тің Pos-терминалы орналасқан кез келген дүкенде бонус арқылы есептесуге мүмкіндік бар. Банктің пластик картасын жаныңызда алып жүруді ұмытпаңыз.

БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ БОНУС АЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ЖҰМСАҢЫЗ!

Halyk Bank клиенті болмасаңыз ше?

Сізде банк картасы және мобайл қосымшасы болмаса, онда бонустарды алу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  • Halyk Homebank қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз. Әрі қарай басты беттегі «Карталар», кейін Halyk Bonus Digital бөліміне өтіп Цифрлы картаны тегін әрі бір минутта ашыңыз. Жаңа ғана ашқан цифрлы карта шотына өзге банк картасынан ақша аудару арқылы, Kassa24 және QIWI банкоматтары мен төлем терминалдары арқылы карта шотын толтырып, қызметтерге төлеп бонус алыңыз.
  • Пластик карта қажет болса Halyk Homebank қосымшасында үйіңізге дейін жеткізу қызметін пайдаланып картаға тапсырыс беріңіз. Шотты картасыз да, картамен де қолдануға болады.

5% бонус беру акциясы 2021 жылдың 6 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны арасында жүреді.

Ал акция кезінде қосылған жаңа клиенттерге бұл ұсыныс карта ашқан сәтінен бастап 4 айға созылады. Мысалы, карта 2021 жылдың 15 қыркүйегінде ашылса, ол клиент үшін акция 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.