Ақтоты Райымқұлова музыкант Яков Ханның отбасына көңіл айтты

Бұл туралы ведомство басшысы Ақтоты Райымқұлова Instagram-парақшасында жазды.

Музыкант, композитор, педагог және тәлімгер Яков Николаевич ханның қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Ол 17 жыл бойы «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебі» РММ «Big Bend»джаз оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері болды. Яков Николаевич джаз орындаушыларының бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Оркестрмен бірге Алматы қаласының сахналарында, халықаралық джаз-фестивальдерде үлкен мемлекеттік концерттерге қатысты.

Я. Н. Хан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен және «Мәдениет саласының үздігі»медалімен марапатталды.

Яков Николаевичтің жарқын есімі оны танитын адамдардың жүрегінде мәңгі қалады. Әріптес музыканттармен қатар Сіздің қайғыңызға ортақпын…, — делінген көңіл айту хатында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ақтоты Райымқұлова (@aktotyraiymkulova)

Еске салайық, кеше музыкант Яков Ханның қайтыс болғанын хабарланды.