Белгілі композитор Яков Хан қайтыс болды

Өкінішке қарай, коронавирус әлі де адам өмірін алып кетіп жатыр. Бүгін тағы бір керемет адам өмірден озды. Мен Яков Ханның отбасы мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Қазақстандағы белгілі музыкант, композитордың артында тамаша аранжировка, әртүрлі жанрдағы туынды, бай шығармашылық мұра қалды, – деп жазды Аида Балаева Іnstagram-дағы парақшасында.

Сонымен бірге министр талантты әрі дара тұлғаның шығармашылық жолы кенеттен және қайғылы аяқталғаны өте өкінішті екенін жеткізді.

Яков Хан ұзақ жылдар бойы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблімен жұмыс жасап, оған көптеген шығарма жазған.

Композитор «Арай» ұжымымен өнер көрсеткен. Корей театрында музыкалық қойылымдар қойды. «Память» және «Томирис» бір актілі балеттеріне музыка жазған және Алматыда эстрадалық-симфониялық оркестрді басқарды. Өмірінің соңғы жылдары Яков Хан жас таланттарға джаз бағытын үйреткен.