Алматыда денсаулық басқармасының экс-шенеунігі сотталды

Бес айдан бері шешімін таба алмай келе жатқан мәселенің нүктесі қойылды. Еске сала кетейік, экс-шенеунікке медицина қызметкерлеріне бетперде сатып алу кезінде мемлекет мүлкін ұрлады деген айып тағылған еді.

Бостандық аудандық сотының шешімі бойынша Әсел Бейсенбаева мемлекеттік сатып алу кезінде 4 миллион дана масканы 230 миллион теңгеге заңбұзушылық жолмен алған. Бұл істе одан бөлек 5 адам тергелді. Барлығы 7 және 7,5 жыл көлемінде жаза арқалады.

Алайда Әсел Бисенбаева кінәсін мойындамай, керісінше, оның электронды цифрлы қолтаңбасын басқалар пайдаланғанын алға тартады.

Онлайн қол кою кезінде әкімдікте жиналыста болғаны дәлелденсе де, ол есепке алынбағанын айтады. Тіптен, сол кездегі тікелей басшысы Камалжан Надыров оның кетуін талап етіп, артына шам алып түскенін жеткізді.

Надыров өзінің электронды қолтаңбасын мемлекеттік сатып алу порталында қол қоюға бермей қойған. Ал маған шұғыл жұмысты бітіру керек деп келген әріптесім бәрі заң жүзінде, кепіл боламын деген соң сендім. Ол кезде медицина қызметкерлерін ас-сумен қамту керек еді. Кейін прокуратура алған бетперделердің талапқа сай келмейтіні анықталды. Мені заңсыз соттады. Ел президентінен құқығымды қорғауын сұраймын! Қалалық сотқа апелляциялық шағым түсіреміз!, деді Әсел Бейсенбаева.