Басты бетЖаңалықтарБайзақ ауданында...

Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 28 тамыздағы шешімімен Байзақ ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев тағайындалды, − делінген хабардамада.

Шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды. Сонымен бірге, Президент жарылыс болған әскери қоймаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.