Президент жарылыс болған әскери қоймаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты

Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер министрінің орынбасарлары Жамбыл облысына ұшып кетті. Жақын ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер зардап шекті,  − деп жазды Президент.

Бұдан бөлек, Президент өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейтінін баса айтты.

Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол қатынасы уақытша тоқтатылды, − деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 19:00 шамасында  Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт әлі де сөндіріліп жатыр.