Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңге болады

Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері көбейген жоқ. Дүниежүзілік коронадағдарыс халықтың табысына қысымды күшейтті. Бұдан басқа, ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елінен төмен. Сондықтан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.