Басты бет / Жаңалықтар /
afaacc09bbab0b470c6a85d445b48971 Президент: QazVac вакцинасына өзге мемлекеттер сұраныс білдіріп жатыр

Президент: QazVac вакцинасына өзге мемлекеттер сұраныс білдіріп жатыр

Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтіп жатыр. Біз уақыт ұттырмай, індетпен күрес шараларын дереу қолға алдық, — деді президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі екенін айтты.

Біздің вакцинамыздың қауіпсіз әрі сенімді екеніне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіріп жатыр. Елімізде вакцина қоры жеткілікті. Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көп мемлекеттің бұған жолы жетпей отыр, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақала туралы ойыңыз?