Алматы мектептері жанындағы белгілеу мен жол белгілері жаңарды

Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбектің сөзінше, әуелі жалпы білім беретін мекемелерге іргелес жатқан жол учаскелерінің жабдықталуына байланысты зерттеу жүргізілді.

Бұл күні аудан бойынша 207 жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелерде 1.14.4 «Жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгілері сызылды, 139 жол белгілері қалпына келтірілді және 313 жол белгілері орнатылды (1.21 «Балалар», 3.24 (40 км/сағ) «Жылдамдықтың максималды шегі», 1.16. 1 «Жасанды теңсіздік»), 9 мың 900 шаршы метр жол белгілері мен 30-дан астам жасанды теңсіздіктер орнатылды, – деді ол.

Нұрлан Аманбектің айтуына қарағанда, полиция қызметкерлері қазіргі уақытта жүргізушілерге орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің аймағында жылдамдықты көтермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерімен балаларды автокөлікте тасымалдау кезінде қауіпсіздік белбеуін және қауіпсіздікті сақтау құралдарын міндетті түрде қолдану қажет екені, сонымен бірге орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің аймағында 40 км/сағ жылдамдықты сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Сонымен қатар біз ата-аналардың назарын балаларға үйден мектепке дейін және кері қарай бірнеше қауіпсіз жолдарды көрсету қажеттілігіне аударамыз, — деді Нұрлан Аманбек.

Бұған дейін Алматы полициясы 23 тамыздан бастап қалада жалпыреспубликалық «Назар аударыңыз, балалар!” жедел-алдын-алу іс-шарасы өткенін хабарлаған еді.