Басты бетЖаңалықтарБайбектің заңгері:...

Байбектің заңгері: «Мамай ақшасын сандықтан шығарып төледі»

Ол Мамай мен Иманбаеваның сот шешімін мәжбүрлі орындағаны туралы жеткізді.

Мамай мен Иманбаева 27 тамызда, яғни шоттарына тыйым салынғаннан кейінгі екінші күні 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын дереу өтеді. Яғни, сот шешімін орындамайтыны туралы мәлімдемелері мен қитұрқы әрекеттеріне қарамастан, Мамай мен Иманбаева шешімді мәжбүрлі түрде асығыс орындады. Сонымен, демалыс күндері олардың шоттарынан алынған қаражат сот орындаушысының депозитінде болды. Ал бүгін, бірінші жұмыс күні Б.Байбектің өтініші бойынша қаражат аутизмі бар балаларға жәрдем үшін «Болашақ» корпоративтік қорына аударылды (төлемдер түбіртегі қоса беріліп отыр). Осылайша, Мамай мен Иманбаева өз еркімен емес, мәжбүрлеу арқылы қоғамға қандай да бір пайдалы нәрсе жасай алды», – деді Байбектің заңгері.

Сонымен қоса, Тәшенова алдыңғы апта Мамай өзінің қарызын жабу үшін елден садақа жинағанын нағыз цирк қойылымы деп таныды.

«Мамай өзінің бастамаларына «халықтың қолдау білдіретінін» мәлімдеп, небәрі 5 адамнан құралған бар жасағын қарапайым халықтан ақша жинау үшін көшеге шығарды. Алайда оларға қолдарында «Мамай – алаяқ, ұры, сатқын, титушка» деген плакаттары бар адамдар бөгет жасады. Осыдан кейін олардың ешқайсысы қайта көшеге шыққан жоқ. Бұл Мамай мен оның ешқандай қолдауы жоқ жалған партиясы жақтастарының шынайы санын көрсетіп берді.

Сонымен, Мамай 27 тамыздағы өз жазбасында «Kaspi» шотына ғана 300 адамның ақша жібергенін» атап өтті.

Бұл – Мамайдың «300 спартандық» тақырыбындағы кезекті қиялы. Оны фактілерге сүйеніп, теріске шығару оңай, – деп жалғастырды адвокат.

Ол талап қоюшының заңды өкілі ретінде сот орындаушысымен үнемі байланыста екенін және барлық құжаттарға қол жеткізе алатынын ашық айтты. Банкке жіберілген инкассалық өкімге сәйкес Мамай мен Иманбаеваның «Kaspi» шоттарына түсетін барлық қаражатты сот орындаушысы автоматты түрде шегеріп алып отыратынын мәлімдеді.

Осылайша, егер Мамайдың сөзі рас болса, онда тек оның шотынан 26 және 27 тамызда 300 банктік шегеріп алу болуы керек еді. Нақты дерекке сүйенсек, Мамай мен Иманбаеваның 2 шотынан бар-жоғы 7 төлем ғана болды (төлемдер түбіртегі қоса беріліп отыр).

Бірінші күні 4 төлем: Мамайдан – 142.478 теңге, 7.466 теңге және 500 теңге, Иманбаевадан – 20.951,39 теңге. Екінші күні 3 төлем: Мамайдан – 287.417 және 339,14 теңге. Сондай-ақ Иманбаевадан – 417.248,86 теңге, яғни бұл соманың жартысына жуығы, алайда оның шоты ақша жинау үшін мүлде қарастырылмаған еді.

Көріп отырғанымыздай, Мамай мен Иманбаеваның шоттары бірнеше рет ірі төлемдермен толықтырылды. Олар өтірік пен алдау арқылы тапқан қаражатын сандықтан шығарып, халықтың қолдауы ретінде шотқа өздері салғаны көрініп-ақ тұр, – деді заңгер.

Ендігі сот шешімінің басқа талаптарын орындау бойынша, яғни жалған материалдарды алып тастау және оларды теріске шығаруды орындауға қатысты Тәшенова жауапкерлерге ескерту жасады.

27 тамыздан бастап (шешім заңды күшіне енгеннен кейін  10 күнтізбелік күн) Мамай мен Иманбаеваға әр орындалмаған күн үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5.834 тенге) өсімпұл есептеледі. Ол мәжбүрлеп алынуы, соның ішінде шотты бұғаттау арқылы өндірілуі мүмкін.

2 ай ішінде орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік (қамауға алу немесе айыппұл) туындайды. 6 айдан астам уақыт орындалмаған жағдайда Қылмыстық кодекс іске қосылады – 800 сағаттық қоғамдық жұмыстар, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Осылайша, егер Ж.Мамай мен И.Иманбаева сот шешімін толық орындамаса, онда біз олардың тағы бір басты шоуын – Алматы қаласының көшелерін бірлесіп сыпыруын көруге тәуекел етеміз, – деп ескертті Байбектің заңгері.

Айта кетейік, бүгін «тікелей эфир» барысында Тәшенова танымал блогерлермен бірге Мамай сотқа ұсынған барлық 2 мың беттік дәлелдеріне тағы бір рет жария түрде шолу жасады. Тікелей эфирге қатысқандар Мамай дәлел деп ұсынған материалдардың негізі жоқ, дәлелге жатпайды деп тапты. Заңгердің айтуынша оның шақыруына қарамастан, Мамай да, Иманбаева да, олардың заңгерлері де, Базарбек те «тікелей эфирге» қатысқан жоқ.