Биылғы 1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады, оны іріктеу қағидалары мен тәртібі Президенттің жарлығымен регламенттелген. Мақсаты — қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту.
Конкурсқа қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі. Үміткерлерге қойылатын жаңа талап — Ұлттық стандарттарға сәйкес орта деңгейден (В1) төмен емес мемлекеттік тілді меңгеру, – деді спикер.
Сонымен бірге спикер үміткерлерге резервке алу үшін өтетін негізгі дәйекті кезеңдерді атап өтті, соның ішінде:
1) күрделі санмен жұмыс істеу қабілетін бағалау және мәтіндік ақпарат;
2) ахуалдық міндеттерді шешу;
4) құзыреттерді бағалау;
5) сараптама комиссиясында әңгімелесу;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.
Резервшіні Бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.
Президенттік резервтен тағайындау саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және «Б» корпусының басшы лауазымдарына көзделеді.
Құжаттарды қабылдау онлайн режимде арнайы әзірленген цифрлық платформада өтеді Pkrezerv.gov.kz. Сондай-ақ резервте болу мерзімі 3 жылды құрайтыны айтылды.
Соңында Ильдар Үйсімбаев елдің одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті жастарды конкурсқа қатысуға үндеді.
