Басты бетҚоғамҚМДБ жұма...

ҚМДБ жұма намазын оқуға рұқсат берілген өңірлер тізімін жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 19 өкілдік болса, соның тек бесеуінде жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді, — делінген діни басқарма хабарламасында.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Жамбыл облыстарында жұма намазы оқылмайды.

Батыс Қазақстан облысында жұма намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат. Ал қалған өңірлерде мешіт ауласында оқылады.